Статистикалық ақпаратпен жұмыс

Қорғаныс жүйесінің және басқарылатын құрылғылардың күйі туралы статистикалық ақпарат конфигурацияланатын ақпараттық тақталар түрінде көрсетіледі. Статистикалық ақпарат Статистика қойыншасындағы Басқару сервері торабының жұмыс аймағында көрсетіледі. Бұл қойынша екінші деңгейлі бірнеше қойыншаны да қамтиды (беттер). Әрбір бетте статистикалық ақпараты бар ақпараттық тақталар, сондай-ақ корпоративтік жаңалықтарға және "Лаборатория Касперского" басқа материалдарына сілтемелер көрсетіледі. Статистикалық ақпарат ақпараттық тақталарда дөңгелек немесе бағандық диаграммалар не кестелер түрінде көрсетілген. Ақпараттық тақталардағы деректер бағдарламаның жұмыс істеуі процесінде жаңартылады және қауіпсіздік бағдарламасының ағымдағы күйін көрсетеді.

Статистика қойыншасындағы екінші деңгейлі қойыншалар жинағын, қойыншасы бар әрбір беттегі ақпараттық тақталар жинағын, сондай-ақ ақпараттық тақталарда деректерді көрсету тәсілін де өзгертуге болады.

Статистика қойыншасындағы ақпараттық тақталармен бірге екінші деңгейлі жаңа қойыншаны қосу үшін:

  1. Статистика қойыншасының жоғарғы оң жақ бұрышындағы Көріністі реттеу түймесін басыңыз.

    Нәтижесінде, статистика сипаттары терезесі ашылады. Терезеде, қазіргі уақытта Статистика қойыншасында қамтылған қойыншалары бар беттер тізімі келтірілген. Терезеде қойыншадағы беттерді көрсету тәртібін өзгертуге, беттерді қосуға және жоюға, Сипаттар түймесі бойынша беттердің сипаттарын конфигурациялауға өтуге болады.

  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа бет сипаттары терезесі ашылады.

  3. Жаңа бетті конфигурациялаңыз:
    • Жалпы бөлімінде беттің атауын көрсетіңіз.
    • Ақпараттық тақталар бөлімінде Қосу түймесі бойынша бетте көрсетілуі тиісті ақпараттық тақталарды қосыңыз.

      Сипаттар түймесі бойынша Ақпараттық тақталар бөлімінде қосылған ақпараттық тақталардың сипаттарын конфигурациялауға болады: тақтадағы диаграмманың атауы, типі және түрі, диаграмманы құратын деректер.

  4. OK түймесін басыңыз.

Ақпараттық тақталары қамтылған қойыншалары бар қосылған бет Статистика қойыншасында көрсетіледі. Параметрлер () белгішесін басып, бірден бетті және бетте таңдалған ақпараттық тақтаны конфигурациялауға көшуге болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу